Іс-шаралар
Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 21 маусым күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 02-03-2563 шығыс хатына сәйкес «Болашақ -жастардікі» тақырыбында 9 сынып түлектеріне негізгі орта білім беру туралы, 11 сынып түлектеріне жалпы орта білім беру аттестаттын тапсыру салтанатты іс-шарасы өткізілді. Биылғы дәстүрлі жиынның ерекшелігі, мемлекеттік емтиханның қортындысы бойынша үш түлегіміз Қырғызбай Мадина Ержанқызы, Мағауия Лаура Марсқызы, Нұрлан Мейірім Нурдинқызы «Алтын белгі» иегерлері, 1 түлегіміз Анарбекова Нұршат Әділқызы «Үздік атестат» иегері , 9 сыныптың 4 түлегі - Болат Асқар Бақытұлы, Жақан Бекбол Жарылқапұлы, Сүлейман Рамазан Сұлтанханұлы, Тамаша Айзере Айдосқызы «Үздік аттестат» иегерлері атанып отыр. Бұл ұстаздар мен ата - аналардың үкілеген зор үмітін ақтады деген сөз. Жалпы саны 9 сыныптың 54, 11 сыныптың 17 түлегіне аттестат табысталып, мектеп директоры Джумагулова Айгуль Сериковна , ата-аналар, ұстаздар түлектерге жылы лебіздерін білдірді. Ақ жол! Сәт сапар! Тек биіктен белестерден көрініңіздер 2022-2023 оқу жылының түлектері!