Меню KDT

Ұлыстың ұлы күні тойланды.

Көктерек ауылында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды.Мерекелік концертпен басталып,ауыл көшілері арасында Наурыз көже сайысы, мерекелік үстел дайындалып, бірқатар спорт түрлері өткізілді.(ерлер, әйелдер, оқушылар арасында)
🏅Қазақ күресі
🏅Қой көтеру
🏇Ат жарыс
🏅Аударыспақ
🏅Қол күресі
🏅Арқан тартыс
🏅Гір көтеру
🏅Қаппен ұру
🏅Кросс
🏆Оқ бойы озып шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды. 🥇🥈🥉
✨Осы бағалы сыйлықтар мен қаржылай демеушілік көрсеткен ауылымыздың ардақты азаматтары Бондарцев В.В., Азмагенбетов Е.М., мектеп түлегі Қазбек У.М. мен ауыл жастарына алғыс білдіреміз! Мерекені ұйымдастыруға мектеп ұжымы да атсалысты. Көктерек ауылдық округінің әкімі Қанат Серікбайұлы демеушілерді алғыс хатпен марапаттады. Мектеп басшысы Айбек Серікұлы ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады ! Жұмыстарыңызға табыс. Отбасыларыңызға амандық тілейміз! 💐💐
Наурыз мерекесі елімізге құт-береке, әр отбасыға бақыт, қуаныш әкелсін!
Мереке құтты болсын!!! 🎉🎉🎉



Комментариев нет
Просмотров: 132
Автор: b1211skobilim
Сайт: www.b1211.sko-bilim.kz
Добавлено: 22.03.2024 в 17:02