Меню KDT

Сіздерді көктемнің алғашқы күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі күнмен бірге келетін алғыс айту күні де құтты болсын! 🌺🌺🌸🌸🌸🌷🌷🌷

✨❣️Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
💐💐💐
Осы орайда Елтай орта мектебінде Алғыс айту күні тойланды. Мектеп басшысы Айбек Серікұлы өзінің жүрекжарды лебізін білдіре отырып, шын көңілден барлық мектеп ұжымы мен оқушыларына, балабақша бүлдіршіндеріне дейін құттықтау ашық хаты мен тәттілер таратты.
    Елтай орта мектебінде Алғыс айту күніне орай сынып сағаттары өтті. Сабақ барысында оқушылар өздерінің ыстық лебіздерін ұстаздар ұжымына, ата-аналарына білдірді.



Комментариев нет
Просмотров: 102
Автор: b1211skobilim
Сайт: www.b1211.sko-bilim.kz
Добавлено: 01.03.2024 в 17:24