Меню KDT

Іс-шаралар

«Жігіт  сұлтаны-2023!»    байқауы  ұйымдастырылып  өткізілді.


      Шу  қаласы  «Ыбырай  Алтынсарин  атындағы  орта  мектебі» КММ-де тәрбие  жұмысының  жоспарына  сәйкес,   2023 жылдың 24 ақпан  күні «Жігіт  сұлтаны-2023!»    байқауы  ұйымдастырылып  өткізілді.
Мақсаты:
1. Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін  дамыту.
2. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
 Сайысқа  5-7 сыныптың  ұлдары  қатысты. Байқау  қорытындысы  бойынша 5 «А» сынып оқушысы Тохтархан  Мансұр  Бас  жүлде,  7 «А» сынып оқушысы Жанат Темірлан  I орын, 5«Б»  сынып оқушысы 
 Ясаков Аян II орын, 6 «А» сынып оқушысы   Мырзахан  Нұрәділ  III орынды  иеленді, 6«Б»-сынып оқушысы Хаятұлы  Аюб белсене  қатысқаны үшін марапатталды.

Теги:  жаңалықтар

Комментариев нет
Просмотров: 140
Автор: zhambylaltynsarina
Сайт: altynsarin.shu-bilim.agartu.kz
Добавлено: 01.03.2023 в 11:13