Меню KDT

Іс-шаралар

«Достығымыз жарасқан!» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.


        Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 23 сәуір -30 сәуір күндері аралығында «Достығымыз жарасқан!» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараға 1-4 сынып білім алушылары қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша 3 «Б» Сарманбай Мөлдір бас жүлде, Мейірбай Айару I орын, Мейрамбекқызы Нұрай I орын, Сусиев Икрам - II орын, Ермек Сырғалым II орын, Бекназар Байжұман III орын, Баймырза Нәби III орын, Лягеза Мадина III орын иеленіп мақтау қағазымен марапатталды.

Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі - өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.


#Біртұтас_тәрбие

Теги:  жаңалықтар

Комментариев нет
Просмотров: 335
Автор: zhambylaltynsarina
Сайт: altynsarin.shu-bilim.agartu.kz
Добавлено: 03.05.2024 в 17:45