Меню KDT

Іс-шаралар

                                    «Мәдениеттің ғажайып әлемі» іс-шарасы бойынша аудандық саябаққа,
                                                                          музейге саяхат  жасалды. 


        Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-де «Әрбір бала- дана бала» атты  күзгі демалыс кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру,  эстетикалық тәрбие беру бағыты бойынша  2022   жылдың      2-қарашасында  директордың кәсіптік бағдар беру орынбасары З.Р. Абдығалиеваның  ұйымдастырумен «Мәдениеттің ғажайып әлемі» іс-шарасы бойынша аудандық саябаққа, музейге саяхат  жасалды. Төле би ауылында орналасқан  Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған «Даңқ алеясы», Соцалистік еңбек ерлеріне арналған алаңға, қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке,  ел ішінде  «Балуан Шолақ»атанған Нұрмағамбет Баймырзаұлының ескерткішіне, аудандық музейді аралау барысында  білім алушыларға туған өлкесінің тарихы, атақты тұлғалары туралы ақпарат берілді.

Теги:  жаңалықтар

Комментариев нет
Просмотров: 69
Автор: zhambylaltynsarina
Сайт: altynsaryn-shu.edu.kz
Добавлено: 02.11.2022 в 11:20