Меню KDT

Челлендж шахмат ойыны


Шахмат-ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі интеллектуалды ойын. Қазір ең көп таралған үстел ойындарының бірі. Шахматтың тәрбиелік мәні бар: тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, логикалық ойлауға және өз іс-әрекеттерін жоспарлауға үйретеді, зейінді дамытады.
Шахмат-бұл шоғырлану, сыни тұрғыдан ойлау, логикалық ойлану, жоспарлауды үйрену, зейінді болуға баулу. Стратегиялық жоспарлау, шығармашылық, талдау, синтез және бағалау сияқты өмір бойы қолданылатын ақыл-ой қабілеттерін дамытатын шексіз ақыл-ой жаттығулары.
Мақсаты: білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту
Міндеттері:
✓ білім алушылардың шахмат ойнауға деген қызығушылығын ояту;
✓ білім алушылардың сыни және логикалық ойлауын дамыту;
✓ челлендж қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру;
✓ еліміздегі білім алушылар арасында шахмат ойынын насихаттау.


Комментариев нет
Просмотров: 276
Автор: b1027skobilim
Сайт: www.b1027.sko-bilim.kz
Добавлено: 13.04.2024 в 14:35