2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕП
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, соның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында
-"Жазғы мектеп" 2024 жылғы 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында және ағымдағы жылғы 26-30 тамыз аралығында жұмыс істейтін болады.
-Жазғы мектепте сабаққа қатысу өтініштер негізінде ата-аналармен / заңды өкілдермен келісу кезінде бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі пәндері бойынша 1-8, 10 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады.
-Жазғы мектепті ұйымдастыру үшін қосымша қаржыландыру талап етілмейді.
2-тарау. Жазғы мектептің жұмысын ұйымдастыру
- Жазғы мектепте оқыту 2023-2024 оқу жылының 4-тоқсанында оқу процесін тоқтата тұру салдарынан көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде, қаладағы су тасқыны жағдайына байланысты халықты мәжбүрлі эвакуациялау салдарынан, сондай-ақ қыс мезгілінде қатты аязға байланысты сабақтар тоқтатылған өңірлерде ұсынылатын болады.
Жазғы мектептегі сабақтар оқушылардың сұраныстары мен қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған, жеке тәсілдер негізінде ұйымдастырылады.
- Аймақтардың білім басқармалары орта білім беру ұйымдарында жазғы мектепті сапалы ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады.
- Орта білім беру ұйымдарында жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспары бекітіледі.
Ағымдағы жылдың 27-31 мамыры аралығында 5-8 және 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілі бойынша аралық емтихандар өтеді. Емтиханды өткізу күнін мектеп әкімшілігі педагогикалық кеңестің шешімімен белгілейді. Сабақ кестесі аралық емтихан тапсыру кестесін ескере отырып жасалады.
- Сабақтар коронавирустық пандемиядан кейін ұйымдастырылған жазғы мектептердің тәжірибесі бойынша, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардың негізгі пәндері бойынша жүргізілуі тиіс
- Климаттық жағдайларды ескере отырып, бастауыш сыныптарда сабақтар 30 минуттан, 5-10 сыныптарда 40 минутқа дейін өткізіледі. Күніне 5 сабақтан артық емес.
- Сабақ кестесі оқу пәндері бойынша, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін қалыптастырылған сыныптар ескеріле отырып жасалады.
- Педагогтер меңгеруге күрделі деп ұсынылған тақырыптарды, бөлімдерді, бөлімшелер мен оқу мақсаттарын ескере отырып күнтізбелік-тақырыптық жоспарын құрады (1-қосымша «Оқу пәндері бойынша ұсынылған тақырыптар»).
- Жұмыстың түрлері мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.
- Орта білім беру ұйымдары ауысымдар бойынша білім алушылардың санын, оқу пәндері мен жеке кеңестерді дербес айқындайды. Қажет болған жағдайда білім алушылар үшін кесте бойынша жеке кеңес беру ұйымдастырылады.
- Жазғы мектепте білім алушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды.
- Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.
- Жазғы мектепте мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
- Сабаққа дайындық кезінде педагог оқу материалдары мен ресурстарын мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша білімдегі олқылықтарын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды әзірлеуі керек.
- Білім алушылардың оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында қосымша қызықты материалдарды, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдалану ұсынылады.
- Оқу материалының мазмұны оқу процесінде білім алушылардың ойлау процестерін дамытуға, ойластырылған шешімдер қабылдай білуге, оларды дәлелдеуге, ақпаратпен жұмыс жасауға, талдауға, салыстыруға, қорытындылауға бағытталуы тиіс.
- Жазғы мектептің оқу процесінде үлгерімі төмен білім алушылардың қызығушылығына қолдау көрсету ұсынылады. Қажеттілігіне қарай жеке сараланған тапсырмаларды әзірлеу қажет.
- Сыни ойлауды дамытуға, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, интерактивті оқыту әдістемелерін (жобалар әдісі, пікірталас, ойын, іздеу әдістері) қолдануға, сабақтарды оқу сыныптарынан тыс, таза ауада ұйымдастыруға бағытталған ахуалдық міндеттерді пайдалану ұсынылады.
- Сабақ өткізу кезінде педагог:
- балалардың эмоционалдық көңіл-күйіне назар аудару және оқуға қолдау көрсету;
- сабақта білім алушылардың шамадан тыс жүктемесіне жол бермеу;
- 2 сабақтан кейін дене жаттығуын өткізу ұсынылады.
- Білім алушылардың сабаққа еркін формада қатысуына жол беріледі.
Жазғы мектепті өткізу кезеңінде 1-4, 5-8, 10 сыныптардағы пәндер бойынша сабақтар саны
Сыныптар | Қазақ тілінде оқытатын | Сағат саны | Орыс тілінде оқытатын | Сағат саны |
1 сыныптарда: | Ана тілі Математика Жаратылыстану Дүниетану | 5 5 3 2 | Обучение грамоте Математика Естествознание Познание мира | 5 5 3 2 |
|
| 15 |
| 15 |
2-4 сыныптарда: | Қазақ тілі Әдебиеттік оқу Математика Жаратылыстану Дүниетану | 5 5 5 3 2 | Русский язык Литературное чтение Математика Естествознание Познание мира | 5 5 5 3 2 |
|
| 20 |
| 20 |
5-6 сыныптарда | Қазақ тілі Қазақ әдебиеті Шетел тілі Математика Жаратылыстану Қазақстан тарихы | 5 5 3 5 3 4 | Русский язык и литература Қазақ тілі мен әдебиеті Иностранный язык Математика Естествознание История Казахстана | 5
3
3 5 3 4 |
|
| 25 |
| 23 |
7-8 сыныптарда | Қазақ тілі Қазақ әдебиеті Алгебра Геометрия Физика Химия Биология Қазақстан тарихы | 3 3 3 2 3 3 3 3 | Русский язык и литература Алгебра Геометрия Физика Химия Биология История Казахстана | 3 3 3 2 3 3 3 3 |
|
| 23 |
| 23 |
10 сыныптарда
| Алгебра және анализ бастамалары Геометрия Қазақ тілі Қазақ әдебиеті Физика Химия Биология География Қазақстан тарихы | 4
2 3 2 3 3 3 3 3 | Алгебра и начала анализа Геометрия Русский язык и литература Физика Химия Биология География История Казахстана | 4
2 4 3 3 3 3 3 |
|
| 26 |
| 25 |