Меню KDT

9-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен "құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында әңгімелесу


16 мамырда учаскелік инспектор К. Т. Шарипов және ЖДН инспекторы Л. М. Доскарина мектеп әкімшілігімен бірлесіп 9-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен "Жазғы демалыс, соңғы қоңырау және түлектер кеші кезінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында кездесу өткізді . Іс-шарада ата-аналар мен оқушыларға сағат 23:00-ден кейін ата-анасыз және заңды өкілдерсіз көшеде және ойын-сауық орындарында жүру брлмайтындығы, алкогольдік ішімдіктерді ішпеу туралы түсіндірді. Осы құқық бұзушылықтар болған жағдайда ата-аналар 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, сондай-ақ бұл одан әрі колледждер мен жоғары оқу орындарына түсудегі балалардың мінездемесінде көрініс табады.
Оқу ісінің меңгерушісі ата-аналарға соңғы қоңырау қандай форматта болатынын түсіндірді , сондай-ақ аттестаттарды тапсыру күнін айтып , бітіру кешін өткізуді талқыланды. Ата-аналарға іс-шара аяқталғанға дейін балалардың жанында болу және бүкіл процесті бақылау туралы ұсыныстар берілді.


Комментариев нет
Просмотров: 314
Автор: b1027skobilim
Сайт: www.b1027.sko-bilim.kz
Добавлено: 16.05.2024 в 11:35