Меню KDT

Іс-шаралар

«Білімім – Отаныма! » атты тәрбие сағаты өтті.
«Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында 3- кезеңнен тұратын байқаудың  3-ші кезеңі өтті. 


     Шу  қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясыда 2024 жылдың  17 мамыр күні «Білімім – Отаныма! »атты тәрбие сағаты өтті. «Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында 3- кезеңнен тұратын байқаудың      3-ші кезеңі өтті. 3- ші кезең мына тапсырмалар бойынша жүргізілді. 2-4 сынып білім алушылар арасында сұлу сөздің саңлағы Ермек Өтетілеуовтың өлеңдерін жатқа оқу. 5-7 сынып білім алушылар арасында қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа оқу. 8-11 сынып білім алушылары арасында Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін жатқа айтып шығып, 3 «В» сынып білім алушысы Әбдіхан Кәусар бас жүлдені иеленіп, сыйлыққа велосипед табысталды.1 – орынға ие болған 2 «Б»сынып білім алушысы Әбдікәрім Сағынышқа 25 000 мың теңгелік сертификат берілді. 2- орынды иеленген 3 «В» сынып білім алушысы Қанибек Алижан 15 000 теңгелік сертификатқа  ие болды. 3 – орынға ие болған 3 «В» сынып білім алушысы Тоқтарбай Еркежан, 2 «В» сынып білім алушысы Серік Раянаға  5 000 теңгелік сертификатқа ие болды.

Теги:  жаңалықтар

Комментариев нет
Просмотров: 358
Автор: zhambylaltynsarina
Сайт: altynsarin.shu-bilim.agartu.kz
Добавлено: 24.05.2024 в 08:50