25 мамыр " Соңғы қоңырау" салтанатты жиын өтті
Шу ауданы Амангелді атындағы орта мектебінде 25-мамыр күні 11-сынып мектеп бітіруші түлектеріне арналған "Соңғы қоңырау" салтанатты жиыны болды.
Салтанатты жиынды мектеп директоры Қ.М.Бабасова ашып, құттықтады. Салтанатты жиынға мектебіміздің бұрынғы директоры, зейнеткер ұстаз Д.А.Тилеужанова, қатысты. Ардагер ұстаздар түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін айтты.
Биыл мектебімізден 12 түлек бітіргелі тұр. Сынып жетекшлері: А.А.Смайлова,К.Б.Елібаева.
Мектеп бітіруші түлектер 11 жыл білім нәрімен сусындаған ұстаздарына арнап ән-би тарту етіп, тамаша көңіл-күй сыйлады.
Бүгінгі ұрпақ-халқымыздың ертеңі.
Салтанатты жиынның соңында мектеп бітіруші түлектер мектеппен қоштасу вальсін билеп, алтын ұя мектебімен, ұстаздарымен қош айтысты.
Біздің түлектеріміз өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат боларларына біз сенеміз.
Ақ жол, жас түлек-2024!