Меню KDT

Іс-шаралар

 

4 маусым - Рәміздер күніне орай, «Рәміздерім - мақтанышым!» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Үйірме жетекшілері сабақтарын өткізді.


      Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 4 маусым күні мектеп жанындағы «Балауса-2024» жазғы сауықтыру алаңында таңертеңгілік жаттығу жасалып, психологиялық тренинг өткізілді. Бүгінгі іс-шара жоспарына сәйкес, тәрбиешілер сынып бөлмелерінде балаларға мемлекеттік әнұранды орындатып, рәміздердің авторлары және шығу тарихы жөнінде ақпарат беріп өтті. 4 маусым - Рәміздер күніне орай, «Рәміздерім - мақтанышым!» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Үйірме жетекшілері сабақтарын өткізді. Мектеп психологы Таткеева Эльмира балаларды балмұздақпен қамтамасыз етті. Балалар бір күндерін есте қаларлықтай өткізді.
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Білім алушылардың есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізе ынталандыру. Білім алушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп құрметтеуге, халқынын тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.



#Балажан
#Жазғы лагерь

Теги:  жаңалықлар

Комментариев нет
Просмотров: 376
Автор: zhambylaltynsarina
Сайт: altynsarin.shu-bilim.agartu.kz
Добавлено: 04.06.2024 в 14:05