" Біртұтас тәрбие" бағдарламасы
Өскелең ұрпақты, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені қазақ қоғамының діңгегі осы құндылықтарда жатыр.«Жас бала шыбық тәріздес, оны қалай иетін болсаң сол қалпы өсе береді»,-деп айтпақшы,тәрбиенің берілетін балалық шақтағы маңызы зор.
Балаға дұрыс тәлім- тәрбие беру ұлттық құндылықтардан бастау алады.Отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарға қанық болып өскен баланың ұстанымы мықты болады. Отанның ұлы ұғым екенін ұғынып, елінің қорғанына айналады. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білетін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу-өмір талабы, қоғам қажеттілігі.Жаңа оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылуда. Бұл тұжырымдама жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ, біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бүгінгі күні өзекті болып отырған «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Еңбегі адал жас өркен», «Оқуға құштар », «Тоғыз айға-9 іс-шара», «Төрт тоқсан-төрт өнер» жобалары бойыншада біршама жұмыстар атқарылды.
Ата-ана мен мектептің қарым- қатынасы – ұрпақ тәрбиесінің қайнар бұлағы. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде. Мұғалім мен ата-ананың қарым- қатынасында негізгі рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен көзқарасына, тағы басқаларға бағыт бағдар берілді.
Осындай игі іс-шаралар ата-ананың мектеппен байланысының артуына, ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіруде өз септігін тигізді.
Өскелең ұрпақтың өзінің туған Отанына деген шынайы сезімі, ұлттық мақтанышы, азаматтық жауапкершілігінің оянуы – ұлттық тәрбие арқылы жүзеге асары һақ. Сондықтан бала тәрбиесіне бір тұтас ел болып ат салыссақ, өскелең ұрпағымыз өкіндірмес.