Меню KDT

Абай облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының отырысы


2024 жылғы 19 маусымда Әлихан Бөкейхан университетінің базасында Абай облысы Қазақстан халқының ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті.Тақырыбы: «Тарихтың «ақтаңдақтары», қоғамның теріс тұстары және өркендеудің жаңа нүктелері».
Отырысқа «Абай облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.С.Садырбаев, «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» КММ директоры Н.В.Шарова,  ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы,Әлихан Бөкейхан университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры А.Б.Базенов, «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы, Л.К.Қадырова, Абай облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, ЖОО студенттері қатысты. Қатысушылар түрлі тақырыпта баяндамалар ұсынып, өз ойларын ортаға салды. Л.Қ.Қадырова «Абай облысындағы кеңестік қуғын-сүргін зобалаңы». тақырыбында архив деректері бойынша баяндама оқыды.
Қуғын - сүргін жылдары-бұл "қара беттер", бірақ бұл біздің еліміздің тарихы және біз сол қиын кезеңдерде зардап шеккендерді құрметтеп, еске алуымыз керек.



Комментариев нет
Просмотров: 56
Автор: abaioblarhiv
Сайт: abaioblarhiv.kdt.kz
Добавлено: 20.06.2024 в 11:15