Меню KDT

БАБА ТОЙЫ –ЕЛ ТОЙЫ: Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді!

Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы атап өтілді. Шара Құнанбай ескерткіші алдында гүл қоюдан басталып, театрландырылған көріністермен, қолөнершілер фестивалімен, және 500 баланың Ашамайға отыруымен ерекшеленді. Облыс әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев құттықтап, «Қаламқас» ансамбліне автобус кілтін табыстады. Ақын Бауыржан Жақып өлең оқыды, ал КИНЭС-тің өкілі рекордты тіркеді. Мереке ұлттық спорттық ойындармен және мәдени бағдарламалармен жалғасты.


БАБА ТОЙЫ –ЕЛ ТОЙЫ!
🔹Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойы Ырғызбай әулетінің, облыс әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаевтың, аудан қонақтарының, аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлының қатысуымен Құнанбай ескерткіші алдына гүл қойып, тағзым етумен басталды.
🔹Той қонақтары Құнанбай ауылы негізінде құрылған ауылдық округтердің ұйымдастыруымен өткен «Бала Құнанбайдан –Дана Құнанбайға» атты театрландырылған көріністі көріп, «Асыл мұра» республикалық қолөнер шеберлерінің фестиваліне қатысушы 21 қолөнершілердің жұмыстарын тамашалады.
🔹Бүгінгі мерейтойдың тарихи сәті ауданның 500 баласы бір мезетте Ашамайға отырып, рекорд жаңартты.
🔹Мерекелік ашылу салтанатында Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев құттықтау сөз сөйлеп, Абай облысының әкімі Н.Т.Ұранхаевтың арнайы сыйлығы автобус көлігінің кілтін 50 жылдық тарихы бар «Қаламқас» халық ән-би ансамблі ұжымына табыстады.
🔹Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы корреспондент-мүшесі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы Бауыржан Жақып өзінің арнау өлеңін оқыды.
🔹КИНЭС- ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДТАР КІТАБІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ Құдайбергенов Қуандық Шыңғысұлы бір мезетте 500 бала Ашамайға отырудан рекорд жасаған Абай ауданына сертификат табыстады.
🔹Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы баба тойымен барша аудан қонақтары мен тұрғындарын құттықтады.
🔹Бүгінгі шараға облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Серікқазыұлы арнайы қатысты.
Сондай-ақ, республикалық «Асыл тұқымды жылқы» ауылшаруашылық семинары өтті.
🔹Жиналған қауым Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония, «Абай», «Дариға-ай» жастар театры мен «Қаламқас» халық ән-би ансамблі әртістерінің мерекелік бағдарламаларын тамашалады.
🔹Түскі үзіліс уақытында баба рухына қатым түсіріп, ас берді.
🔹Ұлттық көкпар, аламан бәйге, қазақ күресі, топ бәйге, жорға жарыс, жамбы ату ойындарынан финалдық кезеңі өтіп, марапаттау рәсімі өтті.


Комментариев нет
Просмотров: 71
Автор: abay.travel
Сайт: taraz.test.kdt.kz
Добавлено: 18.07.2024 в 17:20