Меню KDT

Сейіт Кенжеахметұлы туралы «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында


2024 жылдың 07 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Молдашова Дина «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында қазақтың көрнекті жазушысы, сатирик, журналист, этнограф Сейіт Кенжеахметұлының туғанына биыл 85 жыл толуына орай сатира саңылағының өмірі мен этнографиялық-танымдық еңбектеріне тоқталды. Көрермендерге қазақ этнографиясын зерделеген жазушының музей қорынан алынған фото-құжаттары және кітаптары көрсетілді.


Комментариев нет
Просмотров: 52
Автор: orazali.haldybek
Сайт: kraeved-kst.agartu.kz
Добавлено: 26.07.2024 в 10:26