Меню KDT

Жаңалық «Мәңгі жадымызда» - кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлермен кездесу


Биыл Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамының Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толып отыр. Жауынгерлер мен офицерлер 2238 күн бойы интернационалдық борыштарын абыроймен атқарып, нағыз ерлік пен жанқиярлық көрсетті.
2024 жылдың 14 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Ауғанстанда қызмет еткен ардагерлермен кездесу өткізді. Іс-шараға Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінiң студенттері қатысты, соғыстың негізгі оқиғаларымен танысып, оның куәгерлерімен сұхбаттасты және Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерді еске алды.
Іс-шара барысында ауған жауынгерлерінің фотосуреттері, бірегей құжаттары, киімдері мен қару-жарақтарынан тұратын «Ауған соғысының ащы естелігі» көрмесі ұйымдастырылды. Сарбаздардың хаттары, соғыста қаза тапқан жауынгер, Әулиекөл ауданының тумасы Сағындық Бораншиннің оқ тескен әскери билеті ешкімді бей-жай қалдырмады. Көрме екі апта бойы жұмыс істейді.


Комментариев нет
Просмотров: 41
Автор: orazali.haldybek
Сайт: kraeved-kst.agartu.kz
Добавлено: 26.07.2024 в 10:39