Меню KDT

«Қылқалам құдіреті» - суретші Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай музейдің қор жиынтығынан көрме


2024 жылдың 23 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі, Қазақстан бейнелеу өнері тарихындағы жетекші кескіндеме шеберлерінің бірі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына арналған «Қылқалам құдіреті» атты көрме ашылды. Әбілхан Қастеев артына түрлі жанрдағы картиналардың мол мұрасын қалдырды, олардың бір бөлігі Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің алтын қорына енді.
Суретшінің шығармашылық мұрасында портрет жанры маңызды орын алады, олар өзінің бейнелілігімен, тұлғаны тарихи оқиғалармен және өз заманының рухымен өзара қатынасын көрсетуге ұмтылуымен ерекшеленеді. 1944 жылы Әбілхан Қастеев халық қаһарманы Амангелді Имановтың портретін салды. Осы еңбегі үшін Қастеевке Қазақ КСР халық суретшісі атағы берілді. Суретші 1916 жылғы Торғай көтерілісі тақырыбында 20 жылдай еңбек етті.
Көрмеге келушілер осы жұмыстың нәтижесі А.Имановтың серіктестерінің портреттері мен «Амангелді Имановтың отряды жорықта» кескіндемелік жұмысын тамашалай алады. Ол әрбір туындысында туған жері мен онда тұратын адамдардың суреттерін шабыттана жазған, олар республикада ХХ ғасырда болған барлық маңызды тарихи оқиғаларды бейнелейді. Суретші асқан жылылықпен, шынайы ықыласпен халық өміріндегі көз алдында болып жатқан тың дүниелерді көрсетуге ұмтылды.
Көрмеге қойылған туындылар, пейзаждар, кескіндемелер мен акварельдерде қазақ жерінің жаңарған сұлулығы, адам өмірі, оның еңбегі мен іс-әрекеті жыртылған жер мен заманауи құрылыстар арқылы көрсетілген.Туған жерде жазылған пейзаждар туған жерге деген сүйіспеншілікке толы.
«Қылқалам құдіреті» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.


Комментариев нет
Просмотров: 48
Автор: orazali.haldybek
Сайт: kraeved-kst.agartu.kz
Добавлено: 26.07.2024 в 10:52