«Өлке даңқын асырғандар»
Қостанайға алғашқы тың игерушілердің бірінші эшелонының келуі, тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 70 жыл толуына арналған алғашқы тың игерушілермен кездесу кеші.
Еңбек адамы
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің 70 жылдығына орай жастарды еңбекке деген құрметке тәрбиелеуге, еңбек дәстүрлерін сақтауға, сондай-ақ еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған тың игерушілермен кездесу өтті.
Іс-шараға алғашқы тың игеруші Вергун Екатерина Трофимовна, Социалистік Еңбек Ері Жансұлтан Демеевтің қызы Ажар Жансұлтанқызы Ақсауытова және тарих ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің профессоры Легкий Дмитрий Максимович шақырылды. Кездесуге Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттері қатысты. Екатерина Трофимовна тың игеруді қалай бастағандарын, көрген қиындықтарын және адамдар арасындағы достық жайлы естеліктерімен бөлісті. Ажар Жансұлтанқызы әкесі туралы әсерлі әңгімеледі.
Тарих ғылымдарының докторы Д.М.Легкий тың жерлерді игеруді ел тарихы мен экономикасынан алып тастау мүмкін емес екенін атап өтті.
Іс-шара соңында қонақтарға гүл шоқтары мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, кеш қонақтарына музей қызметкері Ж.Ахметханның орындауында музыкалық ән шашу тарту етілді.