Меню KDT

«Өлке даңқын асырғандар» көрмесі


1954 жылы 28 ақпанда Қостанай комсомолдық жолдамамен Украинадан келген алғашқы тың игерушілердің бірінші эшелонын қарсы алды. Алғашқы жылы біздің облысқа 18 мың 200 комсомол келді.
Мерейтойлық іс-шара қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде тың және тыңайған жерлерді игеруге арналған тақырыптық көрме ашылды. Экспозицияда алғашқы тың игерушілердің өздерімен бірге әкелген тұрмыстық заттары, құжаттар, марапаттары, алғашқы тың түрені, еңбекке деген құлшыныстың дәлелі ретінде фотосуреттер ұсынылған.
Сондай-ақ экспозицияда жас жігіттер мен қыздардың өздері орналасқан қалалары мен ауылдарын тастап, ен даланы игеруге келген қайсарлығын дәріптейтін Қостанай суретшілерінің бейнелеу туындыларының топтамасы ұсынылған.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.


Комментариев нет
Просмотров: 59
Автор: orazali.haldybek
Сайт: kraeved-kst.agartu.kz
Добавлено: 26.07.2024 в 11:16