«Асыл жандар» 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш
2024 жылдың 5 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Халықаралық әйелдер күніне арналған «Асыл жандар» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік бағдарламада шақырылған қонақтарға халық шебері, математика пәнінің мұғалімі, бүгін де зейнеткер Д.Байсейітке, мәдениет саласының үздігі Г.Саталкинаға, қолөнер шебері, облыстық және қалалық көрмелердің белсенді қатысушысы Р.Рахалиеваға құрмет көрсетілді.
Кеш барысында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары Э.Е.Алшимова құттықтау сөз сөйледі.
Нәзік жанды әйелдер қауымы үшін Жұматай Ахметханның орындауында «Асыл ана» әні шырқалды.
Комментариев нет
Просмотров: 47