Меню KDT

«Шынайылық сипаты» - Қостанайдың танымал суретшісі және педагог А.И.Никифоровтың туғанына 110 жыл толуына орай музейдің қор жиынтығындағы графикалық жұмыстар көрмесі


2024 жылдың 6 наурызында А.И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің көрме залында «Шынайылық сипаты» - Қостанайдың танымал суретшісі және педагог А.И.Никифоровтың туғанына 110 жыл толуына орай музейдің қор жиынтығындағы графикалық жұмыстар көрмесінің ашылуы өтті.
Никифоров Александр Иванович 1914 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан, өзінің жауынгерлік жолын Мәскеуден Венаға дейін жүріп өткен. Соғыс жылдарында жараланған, марапаттары да бар. Александр Иванович 1946 жылы әскерден елге оралған соң Свердлов көркемсурет училищесіне оқуға түседі, бірақ денсаулығына байланысты оқуды аяқтай алмай, 1948 жылы Қостанайға қайта оралады және өзінің бар ғұмырын шығармашылық пен суретшілердің жас буынын тәрбиелеуге арнады.
Көрме залында А.И.Никифоровтың музейдің қор жиынтығындағы графикалық туындылары ұсынылған. Александр Ивановичтің тушь, қаламұш, қарындаш тәрізді қарапайым құралдармен орындаған туындыларындағы шынайылық мен деректілік нәзік лиризммен, сырластықпен, адалдықпен, барлық бейнелеулерге деген сүйіспеншілікпен үйлесім тапқан.
Никифоров жұмыстарының ғұмыры ұзақ. Олар сөзсіз тарихи құндылық. Туындыларда бұрынғы Қостанай бейнеленген. Бұл оның құндылығының бір бөлшегі ғана. Енді бірі терең сезімді, таза жанның және дарынды суретшінің қолынан жасалғандығын білдіреді. Сондықтан жанға жақын және әрбір жанның есінде қала бермек. Бұл олардың көркемдік құндылығын айғақтайды.
А.И.Никифоровтың қылқаламынан туған сырттай көзге түсе бермейтін, бірақ шынайы графикалық парақтарында бұрынғы қаланың жарқын келбеті сақталған және қаламыздың жас ұрпақтарына өткеніміз туралы естелікті баяндайды.


Комментариев нет
Просмотров: 44
Автор: orazali.haldybek
Сайт: kraeved-kst.agartu.kz
Добавлено: 26.07.2024 в 14:28