Меню KDT

«Зергерлік бұйымдар әлемі» - жұқа киізден бұйымдар дайындау бойынша шеберлік сабағы


2024 жылдың 6 наурызында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде «Зергерлік бұйымдар әлемі» атты жұқа киізден бұйымдар дайындау бойынша шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағы барысында №19 орта мектептің «7а» сыныбының қыздары осы бірегей материалдан түрлі қажетті және пайдалы дүниелер жасады. Шебер қатысушыларды киізбен жұмыс істеудің негізгі ережелерімен таныстырды. Шеберлік сабақтың өзі әрбір оқушыға ерекше шығармашылық көңіл-күй мен жаңа нәрсе жасаудан жағымды эмоциялар сыйлады!


Комментариев нет
Просмотров: 56
Автор: orazali.haldybek
Сайт: kraeved-kst.agartu.kz
Добавлено: 26.07.2024 в 14:31