Меню KDT

ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың «Сыртқы және ішкі әлем» атты дербес көрмесінің ашылуы туралы


2024 жылдың 7 наурызында Қостанай облыстық тарихи- өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында атақты қостанайлық суретші Георгий Соковтың «Сыртқы және ішкі әлем» атты дербес көрмесі ашылды.
Көрме алаңының екі қабатында Георгий Соковтың 100-ден астам жұмысы қойылды. Бірінші қабатта автордың акварель және түрлі-түсті қарындаш техникасы арқылы суретшінің ішкі жан дүниесін бейнелейтін 44 жұмысы қойылған. Көрменің көркем туындылары жасаған бейнелерге өз ойын, сезімін, эмоциясын төгетін суретші Георгий Соковтың бай, көп қырлы ішкі әлемін және авторлық жазбаның қайталанбас атмосферасын ұсынады.


Комментариев нет
Просмотров: 52
Автор: orazali.haldybek
Сайт: kraeved-kst.agartu.kz
Добавлено: 26.07.2024 в 14:37