14 Наурыз - «Көрісу күні – Амал мерекесі».
Дәстүр бойынша, бұл – туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге және т.б. сәлем беретін немесе қонақ күтетін уақыт. Атаулы мереке күні Жастар сарайында «Наурыз думан мерекесі, салт – дәстүрдің берекесі» атты арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Р.З. Мұхаметқалиев, Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының басшысы Қ.Б. Атамұратов, Қостанай облысының зиялы қауым өкілдері және Қостанай қаласының мәдениет ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Шара барысында мәдениет ұйымдарының қызметкерлері қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін көрсетті.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Тұсау кесу» рәсімін көрсетіп, ақ дастархан жайып, қонақтарды құшақ жая қарсы алды.
Комментариев нет
Просмотров: 53