«Мерейлі Наурыз!» - фольклорлық-этнографиялық мейрам
20 наурыз – Ұлттық спорт күні.
Бұл күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Мерейлі Наурыз!» - фольклорлық-этнографиялық мейрам өткізді. Шараға Қазтұтынуодағы Қостанай жоғарғы колледжінің студенттері мен Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында музей қызметкерлері наурызды мерекелеудің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы айтып, ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықтың артуын ескере отырып, «Асық ату», «Күш сынасу», «Сақина салу» ойындарын өткізді.
Мереке қонақтары Қыдыр атадан бата алды.
Комментариев нет
Просмотров: 53