«Сұлулықтан жаралған» - суретші Г.Ысмайылованың туғанына 95 жыл толуына орай музейдің қор жиынтығынан бір сурет көрмесі.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында Гүлфайрус Ысмайылованың «Балерина Новикованың портреті» атты көркем жұмысы ұсынылды.
Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова - қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі. «Платинды Тарлан» сыйлығының иегері. Гүлфайрус Ысмайылова 1950 жылдардың аяғында өз өнерін танытқан қазақ бейнелеу өнері шеберлерінің қатарына жатады. Ол театр және кино өнерінің дамуына, сондай-ақ әйгілі опералар мен фильмдердің көркемдік безендірілуіне үлкен үлес қосты. Гүлфайрус өзін әртіс ретінде де таныта білді. «Қыз Жібек», «Ботагөз» сынды танымал фильмдерде басты рөлдерді сомдап, көпшіліктің алғысына бөленді.
Суретшінің көптеген туындылары Ә.Қастеев атындағы Ұлттық бейнелеу өнері музейінде сақталған, көп жұмыстарын жеке коллекционерлер сатып алған. Оған қатысы нәрсенің барлығы дерлік мәдениеттің елеулі құбылысы ретінде аталып, тарихқа және қазақ өнерінің қазынасына енді.