Қытайда туризм мен инвестицияны дамыту форумы өтті
2024 жылдың 28 наурызында Қытайда туризм мен инвестицияны дамыту форумы өтті. Форумның ашылуы мен меморандумға қол қою Пекиннің «Swissotel Beijing Hong Kong Macau Center» қонақ үйінде өтті. Форумда Қазақстан аймақтарынан көрме қойылды. Қостанай облысы атынан қатысқан топтың құрамында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Мендекинова Г.Е., ғылыми қызметкер Колбина А.В., Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті музейінің басшысы Ермағамбетова Ш.Е., Торғай ауылындағы Жангелдин музейлер кешенінің басшысы Сәрсекей Г.Қ. болды.
Форумда Қазақстанның бай туристік әлеуеті көрсетілді, атап айтқанда, халықаралық маңызы бар Торғай ойысының бірегей геоглифтері, Қамысты елді мекенінің қазба жұмыстары туралы айтылды. Қамысты қорғанысы -Қазақстандағы үндіеуропалық арий тайпаларының байырғы қалалық мәдениетінің ескерткіші және жалғыз қорғаныс қалашығы, осыған ұқсас отыз қаланың құрамына кіреді, олардың ішінде ең танымалы Арқаим болып табылады.