Меню KDT

«Мен өзім көне қартпын көпті көрген ...» - суырып салма ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ КСР-нің халық ақыны Омар Шипиннің 145 жылдығына арналған портрет-кеш


28 наурыз күні суырып салма ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ КСР-нің халық ақыны Омар Шипиннің 145 жылдығына арналған «Мен өзім көне қартпын көпті көрген ...» атты портрет-кеш өтті. Омар Шипин ұлт азаттық қозғалысының қолбасшысы Амангелді Имановтың сенімді серігі, хатшысы болған. Іс-шараға ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Оспанұлы, ақын, драматург, филология ғылымдарының кандидаты Ақылбек Шаяхмет, О.Шипиннің немересі Мұқаметқали Шипин шақырылды. Кеш қонақтары абыз ақын жайлы құнды деректермен бөлісті. Портрет-кешке Қазтұтынуодағының Қостанай жоғарғы экономикалық колледжінің студенттері қатысты. Кеш барысында Қостанай қаласындағы №1 музыка мектебінің оқушысы Дархан Қанапин Құрманғазының «Көкалат» күйін тартса, музей қызметкері Жұматай Ахметхан халық әні «Екі жиренді» орындады. Кеш соңында музей қорынан алынған О.Шипиннің жеке заттары және О.Шипиннің 145 жылдығына арнайы жасалған фото-құжаттық жылжымалы көрме қонақтарға таныстырылды.


Комментариев нет
Просмотров: 52
Автор: orazali.haldybek
Сайт: kraeved-kst.agartu.kz
Добавлено: 26.07.2024 в 15:22