Меню KDT

«Достығы жарасқан, бақытты ел – Қазақстан» - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай танымдық викторина


26 сәуір күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкеріҚуанышбай Аружан Қостанай қаласы білім бөлімінің Ахмет Бірімжанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Достығы жарасқан, бақытты ел – Қазақстан» атты Қазақстан халқының бірлігі күніне орай танымдық викторина өткізді.
Іс – шара барысында оқушылар топпен жұмыс жасап, ынтымақ, бірлік, достық жөнінде мақал-мәтелдер айтып жарысты, ұлттық тағамдар туралы сөз жұмбақтар шешіп, түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы сұрақтарға жауап берді.
Викторина соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.


Комментариев нет
Просмотров: 269
Автор: orazali.haldybek
Сайт: kraeved-kst.agartu.kz
Добавлено: 26.07.2024 в 16:53