Меню KDT

«Балалар әлемі!» атты көрменің ашылуы


2024 жылдың 30 мамыр күні Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасының Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында балалардың ерекше жұмыстарынан құралған «Балалар әлемі!» атты көрмесі ашылды. Көрмеге бейнелеу өнері,кескіндеме, мүсіндеу,сәндік-қолданбалы өнердің 100-ден астам балалар туындылары, түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған шығармашылық композициялар қойылды. Көрмеге қатысушылардың жасы 4-тен 17 жасқа дейін. Олардың әрқайсысы өздері үшін сюжет пен техниканы таңдаған. Бірақ олар жалпы көңіл-күйді қалыптастыра алды: қуанышты және бақытты. Балалық шақта көп нәрсе басқаша қабылданады. Балалардың шығармашылық жұмыстары бізді еріксіз балалық шаққа қайтарады.


Комментариев нет
Просмотров: 289
Автор: orazali.haldybek
Сайт: kraeved-kst.agartu.kz
Добавлено: 26.07.2024 в 17:45