Атыраулық архившілер VII Халықаралық Жасархившілердің жазғы мектебінен оралды
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында VII Халықаралық Жас архившілердің жазғы мектебінің жұмысы бастылып, Жазғы мектебіне Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның орталық, облыстық және аудан архивтерімен қатар, еліміздің архивтерінен 100-ден аса архивші қатысты. Солардық қатарында Атырау облысы мемлекеттік архивінің архишілері де қатысты. Жазғы мектеп жұмысы Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті базасында өтті.
Биылғы шарада цифрлық трансформация кезеңінде архивтерді жинақтау мәселелері бойынша ұсыныстар, архивті дамытудың инновациялық идеяларын қалыптастыру, жобаларды іске асыру және үздік архивтік тәжірибелерді тыңдалды.
Алматыда басталған жас архившілер форумына келген архивистер білікті мамандардан дәрісін тыңдап, тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік алды.
Жазғы мектеп жұмысында Ұлттық архив қорын қалыптастыру, құжаттарды сараптамадан өткізу және сандық форматқа өткен архив құжаттарын сақтаудың стандарттарын меңгеру мәселелері, қазіргі жасархившілердің алдында міндететілді.
Жазғы мектеп аясында жеке тектік құжаттармен жұмысты ұйымдастыру бойынша семинар өтіп, шарада спикерлер қатарында Белорусь мемлекеттік әдебиет жәнеөнер архив-музейі директоры Е.А.Макаренко, ҚР Президент архиві архивисті Ж.А.Ботанова, Қостанай облысы мемлекеттік архиві басшысыТ.Б.Мұрзаболатова жеке текті құжаттар мен қалай жұмыс жасау жөнінде баяндама жасады.
Архившілердің Жазғы мектебі жалпы дәстүрлі халықаралық білім беру жобасына айналып отырғандай болды. Жазғы мектептің жұмысына қатысқан барша әріптестерге сертификаттар табысталды. Шет мемлекеттер мен өзге өңірлерден келген қонақтарға Алматы қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.