Меню KDT

вакансия

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы шу ауданы білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мнетебі"КММ
03.09.2024ж 16 сағат 160-180 мың көлеміндегі жалақымен математика пәні мұғаліміне тұрақты вакансия жариялайды


ЕСКЕРТУ!
Конкурс " Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

1.Лауазым математика пәнінің мұғалімі ( 1 бірлік тұрақты)

2.Лауазымдық жалақысы :160000-180000тг

(еңбек сіңірген жылдарында байланысты)

3.Оқыту тілі:қазақ

4 Біліктілік талаптары:

Арнаулы-орта (педагогикалық) және жоғары білімі(педагогикалық)

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1)конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)Жеке басын куәландыратын құжат;

3)кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

4)Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы N ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Денсаулық жағдайы туралы анықтама

7)психоневрологиялық ұйымынан анықтама;

8)наркологиялық ұйымынан анықтама;

9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың,

Педагог-сарапшының

Педагог-зерттеушінің

Педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) бос лауазымдық кандидаттың орнына толтырылған бағалау парағы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі

03.09.2024 ж -11.09.2024 ж

Теги:  Жаңалықтар

Комментариев нет
Просмотров: 417
Автор: zhambylaltynsarina
Сайт: altynsarin.shu-bilim.agartu.kz
Добавлено: 03.09.2024 в 18:18