Меню KDT

жаңа жыл

КММ " Егінді-Ағаш бастауыш мектебі" 2023-2024 оқу жылы  Жаңа жыл мерекесі аталып өтті. 


Мектебімізде желтоқсанның 27-28 күндері 1-2 сынып оқушылар арасында жаңа жыл мерекесі өткізілді. Мереке қарсаңында мектеп залы әсем безендіріліп шырша құрылды.Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне 1-2 сынып оқушылары белсене қатысты. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді.  Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды. Нәтижесінде, мектебіміздің жаңа жылдық мерекесі «өте жақсы» деңгейде өтті.

Теги:  жаңа жыл

Комментариев нет
Просмотров: 303
Автор: b0138skobilim
Сайт: www.b0138.sko-bilim.kz
Добавлено: 29.11.2023 в 19:34