Мектеп Парламентінің бірінші отырысы
2024 жылдың 9 қыркүйегінде мектебімізде Мектеп парламентінің кезекті отырысы өтті. Кездесуге 5-11 сыныптың барлық старосталары қатысты. Отырыстың күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды:
1) 2023-2024 оқу жылының жұмысын қорытындылау (сынып рейтингі),
2) Мектеп парламентінің 2024-2025 оқу жылының 1 тоқсанына арналған жұмыс жоспары.
3) Мектептегі дебат қозғалысының жұмысы
Бірінші мәселе бойынша 2023-2024 оқу жылындағы жұмыстарды қорытындылай келе, Р.Д.Исраилов сөз сөйледі. Екінші мәселе бойынша мектеп парламентінің президенті Карпова Мария сөз сөйлеп, оқушыларды Мектеп парламентінің 1 тоқсанға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.Үшінші мәселе бойынша мектеп парламентінің белсендісі Есетова Тоғжан сөз алып , оқушыларға пікірсайыс қозғалысы және 1-тоқсандағы жұмыс жоспарлары туралы айтып берді.
#Біртұтас_тәрбие