Меню KDT

Атырау/Гурьев/қаласына – 384 жыл

Каспий ойпатына орналасқан осынау облыс орталығының өзіндік тарихы бар.


Каспий ойпатына орналасқан осынау облыс орталығының өзіндік тарихы бар.
Арналы  Жайық өзені Атырау қаласын қақ жарып өтеді. 
1913 жылы қалада небәрі үш қана өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс жасаған.Олар май қайнататын, тері илейтін және кірпіш зауыттары ғана болатын.Онда бар болғаны 85 жұмысшы жұмыс жасаған.
    Қала ол кезеңде  Жайық өзенінің батыс жағына орналасып, небәрі 3,5 шаршы км  шамасында болса, бұл күнде қанатын кеңге жайған, Атырау қалалық әкiмшiлiгінің құрамында 1 қала, 6 ауылдық округ (Алмалы, Атырау, Дамбы, Еркiнқала, Кеңөзек, Қайыршақты), 15 елдi мекен бар. Қалаға 2013 жылы Балықшы кенті, 2018 жылы Балықшы, Жұмыскер ауылдық округтеріндегі Ақжайық, Құрсай, Көкарна, Водниково және Жұмыскер, Рембаза елді мекендері, 2019 жылы Геолог ауылдық округіндегі Геолог, Бірлік, Новокирпичное, Теңдік, Қарабатан, 496 разъезд елді мекендері қосылды. Қалалық әкімдік аумағына Махамбет ауданынан Алмалы ауылдық округіндегі Алмалы, Береке елді мекендері берілді. Тұрғын саны 2023 жылмен есептегенде  316 449 адам.
           Бүгінгі күннің төрінен Атырауымыздың өткеніне көз салсақ, талай-талай асулардан асқанын,  бел-белеске көтерілгенін,  жетіле бергенін,  толыса түскенінің куәсіміз.
         Атырау қаласының тарихы Ярослав көпесі Гурий Назарьев Сарайшықтағы Ноғай ханына алым-салық төлеп, ұлдарымен бірге Жайық өзенінің оң жақ жағалауына  ағаштан жасалған балық аулайтын үйшік («учуг» - балық аулауға бейімделген бекет) салғанынан басталады.
         1991  жылдың 4 қазанынан бастап - Гурьев халық депутаттарының қалалық кеңесі қала орталығын Атырау деп атау туралы шешім қабылдады.  
 
 Архив қорынан Атырау /Гурьев/ қаласының әр жылдардағы өсу-өркендеу тарихынан деректер ұсынылады. 
 
*1775 жылы Пугачев бастаған шаруалар соғысы басылғаннан кейін ІІ-Екатерина жарлығымен Яик өзені Жайық деп өзгертілді.
*1865 жылы Гурьев қаласы Орал губерниясының уездік қаласы болды.
*1924 жылы 22 сәуірде орыс ұлтының жауапты қызметкерлеріне арналған қазақ тілін үйрену курстары ашылады.
*1924 жылы 1 мамырда Гурьев – Орал арқылы қатынайтын Жайық өзенінен су жолы байланысы орнатылды.
*1930 жылы В.И.Ленин атындағы Гурьев балық консерві зауытының құрылысы басталды.
*1930 жылы 2 мамырда Гурьев округтік атқару комитеті БКП/б/ және  «Ембімұнай» тресі бастамасымен тау-кен мұнай техникумы ашылды.
*1933 жылы 11 қыркүйекте Гурьевте өзен портының құрылысы басталды.
*1933 жылы 31 тамызда Гурьевте радиостанция құрылысы басталды.
*1934 жылы Гурьев қаласында  Мұнайшылар клубы ашылды.
*1935 жылы қазан айында «Гурьев-Ақтөбе» телефон желілерінің құрылысы аяқталды.
*1940 жылы 3 мамырда Гурьев облыстық музейі халыққа қызмет көрсетуін бастады.
*1940 жылы облыстағы мұнай кәсіпшіліктері мен басқа да кәсіпорындарды қамтамасыз ету мақсатында №9 кәсіптік-техникалық училище ұйымдастырылды.
*1943 жылы 12 тамызда Гурьевте колхоз базарын жобалау жұмысы басталды.
*1943 жылы 13 желтоқсанда «Тұрғын үй» қалашығы құрылысының жобасы бекітілді.
*1945 жылдың қыркүйегінде КСРО Балық өнеркәсібі министрлігіне қарасты Гурьевте 3-жылдық теңіз училищесі ашылып, ол 1 класты кеме жүргізушілер мен мотористерді дайындай бастады.
*1950 жылы 1 мамырда жаңадан «Нефтяник» стадионы ашылды. Стадион сыйымдылығы мен жабдықталуы жағынан Гурьев облысындағы ең үздік стадион болып табылды.
*1953 жылы 29 тамызда Гурьевте «Қазмұнайқұрылыс» тресінің жаңа асфальт-бетон зауыты іске қосылды. Оның өнімімен жаяу жүргіншілер жолын, көшелер мен жолдарды абаттандыруға асфальттың бірінші партиясы берілді.
*1955 жылы Гурьевте сән ательесі мен тұрмыстық комбинаттың құрылысы басталды.
*1955 жылдың тамыз айында тәулігіне 10 тонна сүт өндіретін Гурьев сүт зауытының құрылысы басталды.
*1955 жылы қыркүйек айында сыйымдылығы 350 тонна мұздатқыш тоңазытқышы бар Ет комбинаты пайдалануға берілді. 
*1963 жылы 5 қаңтарда Гурьев қаласында қалалық перзентхана ашылды.
*1963 жылы 10 қаңтарда Гурьев қаласының орталық көшесінде  Абай алаңының жобасы бекітілді.
*1963 жылы 16 қаңтарда Гурьевте мұнайшылар ауруханасы негізінде облыстық аурухана құрылды.











Комментариев нет
Просмотров: 8
Автор: daniil.slychenyuk
Сайт: oblarchive.atyrau.gov.kz
Добавлено: 12.09.2024 в 12:33