Меню KDT

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясының отырысы Х А Т Т А М А № 2

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
«Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
 
         Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясының отырысы
 
Х А Т Т А М А № 2


Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
«Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
 
         Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясының отырысы
 
Х А Т Т А М А № 2

Қатысқаны: 4                                                                          13.09.2024 жыл

Шу ауданы

 

Күн тәртібіндегі мәселе:

   І. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде мектептегі ағылшын тілі мұғалімі (уақытша, 1 бірлік) лауазымдары бойынша қажеттілікке байланысты Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz және мектеп сайтына конкурс жарияланды.      

    ІІ. Ағылшын тілі мұғалімі (уақытша, 1 бірлік) лауазымына конкурсқа қатысуға келесі үміткерлердің өтініштері негізінде  комиссия мүшелерімен отырыс ұйымдастырылды:

  1. Тәңірберген Айдын Бекболқызы
  2. Шынболат Гүлжан Ерболқызы

 

     ІІІ. «Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ тамыз айында мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері болып, төмендегі пән мұғалімдері тағайындалды:

 

1. Толеуова А.И.

- комиссия төрайымы, директордың оқу-әдістемелік ісі  жөніндегі орынбасары;

2. Кадырова М.А.

- комиссия  мүшесі, ағылшын тілі мұғалімі, педагог-шебер;

3. Пазылбекова А.К.

- комиссия  мүшесі, М.Макатаев РМ директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;

4. Төлеу А.И.

- комиссия  мүшесі, кәсіподақ төрайымы;

5. Дуйсембиева А.А.

 

6.Тургумбаева А.Д.

- комиссия  мүшесі, математика пәні мұғалімі, педагог-шебер;

- хатшы.

 

         Бірінші мәселе бойынша     директордың     оқу-әдістемелі ісі жөніндегі  орынбасары, комиссия төрайымы  А.Толеуова   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы (өзгерістерімен) негізінде ағылшын тілі (2 бірлік уақытша) лауазымы бойынша қажеттілікке байланысты Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz пен мектеп сайты желісінде конкурс жарияланғанын айтты. Педагог статусына тестілеуден өткен анықтамасы/ біліктілік санатымен  қоса №57 бұйрығының өзгерістеріндегі (ҚР Премеьер-Министрінің орынбасарының 2023ж. 16 тамызындағы № 343 бұйрығы мен ҚР Оқу-ағарту министрі 2023 ж. 15 тамызындағы бірлескен бұйрығы) 154 қосымшасына сәйкес төмендегі аталған құжаттарды ұсынды:

   1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

   2) жеке басын куәландыратын құжат, не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

   3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

   4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

   5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

   6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

   7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

   8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

   9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының  болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

   10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы болды.

Осы ұсынылған құжаттарды (Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 27.08.2024ж. №02-4076 хаты негізінде) басшылыққа ала отырып конкурстық комиссия өткізілді. Конкурстық комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды сараптай отырып, 16 қосымшадағы  тиімділік көрсеткіштерін атап өтті.

  1. Екінші мәселе бойынша директордың оқу-әдістемелі ісі жөніндегі  орынбасары, комиссия төрайымы  А.Толеуова сөйледі. Ол күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, хатшы А.Тургумбаеваға сөз кезегін берді. Ол өз сөзінде  комиссия мүшесі А.Пазылбекованың отырысқа қатыса алмайтындығын және ағылшын тілі мұғалімі  лауазымына 2 үміткер өтініш білдіргенін айтып, әр үміткер жайлы анықтама берді:
  2. Тәңірберген Айдын Бекболқызы- білімі жоғары, педагогикалық өтілі жоқ,

Педагогикалық/ кәсіби тәжірибені «жақсы» деген нәтижемен аяқтаған. Үміткер «Педагог-тағлымдамашы» біліктілік санатында.

Комиссия мүшелері үміткердің ұсынған құжаттарын  жетік қарап шығып, бағалау парағы бойынша 7,5 ұпаймен бағалады.

  1. Шынболат Гүлжан Ерболқызы- білімі жоғары, мемлекеттік грант иегері,

педагогикалық өтілі жоқ, педагогикалық/ кәсіби тәжірибені «өте жақсы» деген нәтижемен аяқтаған. Білім алған оқу орнынан оң ұсыным хаты бар.

Комиссия мүшелері үміткердің ұсынған біліктілігін арттыру курсы  бойынша сертификаты мен басқа да ұсынған құжаттарын  жетік қарап шықты. Тиімділік көрсеткіш бағалауы бойынша 14,5 ұпай қойды. Үміткер «Педагог-тағлымдамашы» біліктілік санатында.

 

Шешімі:

  1. Комиссия мүшелері ағылшын тілі мұғалімі (уақытша, 1 бірлік) уазымына жарияланған бос орынға өтініш білдірген 2 үміткердің бағалау парағы бойынша көрсеткіштерін есептей келе, жоғары ұпай жинаған Шынболат Гүлжан Ерболқызы (14,5 ұпай) осы лауазымдық міндетке лайық деп анықталып, мекеме басшысына тағайындауға ұсынды.

 

 

1. Толеуова А.И.

- комиссия төрайымы, директордың оқу-әдістемелік ісі  жөніндегі орынбасары;

2. Кадырова М.А.

- комиссия  мүшесі, ағылшын тілі мұғалімі, педагог-шебер;

3. Пазылбекова А.К.

- комиссия  мүшесі, М.Макатаев РМ директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;

4. Төлеу А.И.

- комиссия  мүшесі, кәсіподақ төрайымы;

5. Дуйсембиева А.А.

 

6.Тургумбаева А.Д.

- комиссия  мүшесі, математика пәні мұғалімі, педагог-шебер;

- хатшы.

 


Комментариев нет
Просмотров: 45
Автор: gymnasiumbekmahanov
Сайт: bekmahanov.kdt.kz
Добавлено: 13.09.2024 в 16:18