Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Балаларды ерте дамыту институты ұйымдастырған «Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер, Құзырет орталықтары және мобильді топтардың қызметі» тақырыбында вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты – консультациялық пункттердің, мобильді топтардың және Құзырет орталықтарының жұмысын жетілдіру арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру болды.
Вебинарға Балаларды ерте дамыту институтының мамандары, білім басқармаларының мамандары, облыстық, қалалық және аудандық әдістемелік орталықтардың/кабинеттердің әдіскерлері, мобильді топтардың басшылары, Құзырет орталықтарының меңгерушілері қатысты.
Онлайн іс-шара барысында біздің өңірдегі консультациялық пункттер, мобильді топтар және Құзырет орталықтарының жұмыс тәжірибесі таныстырылды. Облыста 372 консультациялық пункт, 3 Құзырет орталығы, 15 мобильді топ жұмыс істейді: аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттер деңгейінде 14 топ және 1 облыстық топ.
Комментариев нет
Просмотров: 174