Меню KDT

18 қыркүйек күні «Балабақша – Бастауыш мектеп» сабақтастығының өңірлік бағдарламасы» тақырыбында облыстық вебинар өтті.


⚜️18 қыркүйек күні «Балабақша – Бастауыш мектеп» сабақтастығының өңірлік бағдарламасы» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Іс-шараға білім бөлімдерінің әдіскерлері, бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері және республикалық «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасына кіретін нысаналы мектептер қатысты. Жалпы қамтылған педагогтер саны 180-ге жетті.
🔖Вебинар барысында педагогтерге 24 қыркүйекте барлық мектептерде бір мезгілде өтетін «Ашық есік күні» өткізу тұжырымдамасы таныстырылды, онда мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері интерактивті форматта қатысады. 📌Ісшара барысында балабақшалар мен мектептер арасындағы білім беру үдерісіндегі сабақтастық мәселелері талқыланды. Вебинар балалардың мектепке дейінгі білім беруден мектепке ауысуын жеңілдету үшін балабақшалар мен мектептер арасындағы берік байланысты қалыптастыруға ықпал етті. #жоба943


Комментариев нет
Просмотров: 183
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 18.09.2024 в 18:32