Меню KDT

Жұмысты талдаудан жаңа биіктіктерге

Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ағымдағы жылдың 17 қыркүйек күні «2023-2024 оқу жылында Павлодар облысының ауылдық білім беру ұйымдары мен мамандандырылған мектептерінің кәсіби өзара іс-қимылының мәселелері мен шешімдері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.


Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ағымдағы жылдың 17 қыркүйек күні «2023-2024 оқу жылында Павлодар облысының ауылдық білім беру ұйымдары мен мамандандырылған мектептерінің кәсіби өзара іс-қимылының мәселелері мен шешімдері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 «Қаладан-ауылға» инновациялық жобасының қатысушылары дәстүрлі түрде ауылдық аудандардың мектептері мен мамандандырылған білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастыққа межелік талдау жүргізді.

Кәсіби диалог өткізілгенге дейін өткізілген жұмыстың тиімділігі туралы google-сауалнама жүргізілді, оған ауылдық мектептердің 2048 педагогі және 373 менеджерлік корпус (аудандық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен қызметкерлері, мектеп басшылары мен басшы орынбасарлары) қатысты. Кәсіби диалог барысында спикерлер Шабажанова С.К. (Абай гимназиясы),                  Сыздықова А.С. (ОМПЛИ), Қабиденова Д.А. (Шарбақты), Адамжанова Н.Ж. (Май ауданы), Лозинская Н.В. (Екібастұз қаласындағы № 1 лицей), Н.К.Нуртаева («Зерде») неғұрлым тиімді, жұмыс істейтін механизмдерді атап өтіп, маңызды іс-қимылдарға қажетті назар аударды, мәселелерді айтты.

Ашық сабақтар өткізуде ауыл мұғалімдерінің әдістемелік белсенділігінің едәуір артуына қарамастан, олардың қызметінде сабақ барысында зерттеу дағдыларының жоқтығы, оқу үдерісінің өзінің және білім алушылардың сапалық өзгерістерін зерделеу байқалды. Сондықтан дөңгелек үстелге қатысушылардың шешімімен оқу үдерісін әдістемелік сүйемелдеудің екі жақты жоспарына түзету жасалады.

 


Комментариев нет
Просмотров: 20
Автор: icrovpvl
Сайт: icrov-pvl.kdt.kz
Добавлено: 17.09.2024 в 21:05