Меню KDT

5 қыркүйек – Қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, 11.09.24. жылы 10-11 сынып оқушылары арасында «Намыс, «Алаш», «Бірлік» топтары арасында «Тіл-ұлттық қазына» атты зияткерлік олимпиада өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың дарыны мен қабілеттерін анықтау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, мемлекеттік тілді құрметтеу.
«Бізден –сұрақ, сізден-жауап...» айдарында оқушылар әр түрлі сұрақтарға жауап берді.
«Сөз –мәйегі, ой -түйіні» айдарында, мақал-мәтелдер жарысы, мәнерлеп оқу сайысында, Отан, Туған жер, Тіл тақырыбындағы ақындардың шығармаларын мәнерлеп жатқа айтты.
Туған тілім байлығым бөлімінде тіл мәдениеті, сөз байлығы сыналды. Берілген тақырыптар бойынша топ мүшелері өз пікірлерін ойларын ортаға салды. Белсене қатысқан топ мүшелері, Аханова Айым, Сейілғазы Нұрхан, Абельдинова Дильназ, Аманбекова Лунара, Қымран Нұрбейне, Нұрланқызы Балнұр, Адильхан Ердибек, Далабай Марғұлан сияқты дарынды оқушылар тапқыр ойларымен, тыңғылықты білімдерін көрсете білді.
Тіл-өзімізді ұлт ретінде сақтаудың қорғаны, екіншіден, барлық қазақстандықтарды біріктіруші ортақ байлығымыз. Мемлекеттік тілдің беделі мен рөлін нығайтып, тілдік қолданысты арттыруға үлес қосатын жалынды жастарымыз -елдің болашағы!
Өткізген: Ж.М.Имангалиева Ж.М, Шаймерден А.М.

Комментариев нет
Просмотров: 30
Автор: b5karaganda
Сайт: balh-sch5.edu.kz
Добавлено: 13.09.2024 в 12:40