Мектеп асханасы
Оқушыларды жалпы оқу қорынан тегін тамақтандыру мектеп асханасы арқылы жүзеге асырылуда. Күнделікті 44 оқушы ыстық тегін тамақ ұйымдастырылады. Тамақ өнімдері, дайын аспаздық өнімдердің сапасын, рецептуралар мен технологиялық режимдердің сақталуын тексеруді тамақтану сапасын мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
#БракеражнаяКомиссия
#БракераждықСараптама
Мектебіміздің асханасына қыркүйек айының кестесіне сай бракераждық комиссия тексеру жүргізді. Бракераждық комиссияның мақсаты: асхана жұмысының жоспарға сай орындалуын қадағалау; ас блогының өлшемшарттары бойынша тексеру болып табылады. Бракераждық комиссия бекітілген кестеге сай айына бір рет жүргізіледі.
Тексеру нәтижесі бойынша асханада барлығы талапқа сай екендігі анықталды.