"Қазақстан" республикалық телеарнасының журналистері келді.
2024 жылдың 20 қыркүйегінде "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ-не Қазақстанның Халық әртісі, КСРО Халық әртісі, "Абай облысының Құрметті азаматы" атағының иегері Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған бағдарлама дайындау үшін "Қазақстан" республикалық телеарнасының журналистері келді.
"АОМА" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К. Қадырова республикалық телеарнаға сұхбат берді. Ол қонақтарға АОМА архив қорларында сақталған Бибігүл Төлегенованың туу туралы жазбалар кітабын және халық әртісінің Семей қаласына келгендегі түскен фотосуреттерін ұсынды.
Комментариев нет
Просмотров: 8