Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын оқытуға жаңаша көзқарас
Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледж түлектерінің желілік қоғамдастығының жұмысы аясында Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы және Ақтоғай мен Железин аудандарының білім бөлімдерімен бірлесіп, "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын оқытуға жаңаша көзқарас" атты іс-шара өтті.

Іс-шараға 2009 және 2019 жылғы колледж түлектері шақырылды. Олар педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи педагогикалық тәсілдер мен оқытудағы инновациялар туралы айтты. Түлектер табысты тәжірибелермен қатар, жұмыс барысында кездесетін қиындықтарды да талқылап, бұл қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Тыңдаушылар арасында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдерді талқылауға белсене қатысқан "Қазақ тілі мұғалімі" мамандығының студенттері болды. Пікір алмасу барысында студенттер практик мамандарға сұрақтар қойып, олардың ұсыныстарын тыңдады, бұл білім алмасуға ықпал етіп, жас мамандарды әрі қарай кәсіби шыңдалуға шабыттандырды.