Жарма филиалында ашық есік күні өтті.
2024 жылдың 20 қыркүйек күні «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Жарма филиалында өткен ашық есік күніне Георгиевка орта мектебінің оқушылары және мектеп мұғалімдері Асия Женисовна, Гүлжан Мұратқызы қатысты.
Қонақтарға архивке экскурсия жүргізіді. Экскурсия барысында құжаттардың қоймада қалай орналасатыны, оларды жұмыс барысында қалай пайдаланатыны көрсетілді. Оқушыларға ең қызықты болғаны: архивте сақтаудағы ардагерлердің майданда түскен фотосуреттері, майданнан жазған хаттары. Оқушылар қызығушылықпен ардагерлердің медаль мен орден кітапшаларын, марапаттарын, келген ұстаздар архивтегі ХХ ғасырдың басындағы «Метрикалық кітаптарді»қарады.
Фойеде орналасқан «Жеңісті ұран еткен жауынгерлер», «Ұлы Жеңіс-ұрпаққа аманат», «Пусть знают и помнят потомки» атты тақырыптық-экспозициялық көрмелермен танысты.
Сонымен қатар, Жарма филиалының тарихы туралы, келешекте архив саласында жұмыс істеу үшін қандай мамандық керек екені айтылды.
Іс-шараға келушілер архив қызметкерлеріне алғыстарын айтып, жұмыстарына табыс тілеп жақсы көңіл күймен қайтты.
Комментариев нет
Просмотров: 6