Таза Қазақстан сенбілік

“Таза Қазақстан” жалпы ұлттық республикалық акциясы аясында Жамбыл атындағы орта мектебінде сенбілік өткізілді.
Мақсаты: мектеп ауласын және оның айналасын таза ұстап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сенбілік барысында мектеп ауласының ішкі және сыртқы аумақтарында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Жиналған қоқыстар жиналып, шығарылды.
Қоршаған ортаның тазалығына үлес қосып, жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
Ауылымыздың көркеюіне, мектебіміздің ауласының тазалығын сақтауға бірлесе үлес қосып, сенбілікке белсене қатысты.


Комментариев нет
Просмотров: 387