Меню KDT

2024 жылғы 24 қыркүйекте "Цифрлық технологияларды оқу процесіне интеграциялау: инновациялық тәжірибе және перспективалар" облыстық диалог алаңы өтті.


⚜️2024 жылғы 24 қыркүйекте "Цифрлық технологияларды оқу процесіне интеграциялау: инновациялық тәжірибе және перспективалар" облыстық диалог алаңы өтті.
📌Диалог алаңында М. Қозыбаева СҚУ цифрлық трансформация кеңсесінің басшысы: Белгібаев Рашит Төлеуғазыұлы және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Astana Hub" өңірлік менеджері: Нұргүл Болатова қатысты, сондай – ақ жоба жетекшісі Жолтайұлы Қуандық - "Талшық орта мектебі" КММ тарих пәнінің мұғалімі-"AI-USTAZ"жобасын ұсынды.
📌Іс-шараға оқытушылар, сарапшылар, білім беру мекемелерінің өкілдері-тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер оқу процесінде оң нәтиже көрсеткен инновациялық шешімдер мен әдістерді ұсынды.
📌Пікірталас барысында оқытушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі сияқты негізгі проблемалар анықталды.
📌Қатысушылар өңірде Цифрлық білім беруді одан әрі дамыту стратегияларын әзірледі. Алаңның қорытындысы білім беру процесіне жасанды интеллект енгізуге бағытталған "AI-USTAZ" жаңа облыстық жобасын құру болды. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және қызықты идеялары үшін алғыс айтамыз!
#сандық білім беру
#инновация
#білім
#AI-USTAZ
# аймақ
# болашақ
# технология


Комментариев нет
Просмотров: 162
Автор: saparov.muhanbetali
Сайт: cmrito.edu.kz
Добавлено: 24.09.2024 в 18:24