ҒЫЛЫМ ДЕГЕН ТЕРЕҢ ТЕҢІЗ БАР
Мектептегі дарынды оқушыларды белгілі бір тақырып бойынша ғылыми зерттеу жүргізе алуға бағыттау бүгінгі мектеп өміріне білім берумен қатар етене кірген жұмыстардың бірі.
ҒЫЛЫМ ДЕГЕН ТЕРЕҢ ТЕҢІЗ БАР
Мектептегі дарынды оқушыларды белгілі бір тақырып бойынша ғылыми зерттеу жүргізе алуға бағыттау бүгінгі мектеп өміріне білім берумен қатар етене кірген жұмыстардың бірі.
Мектебіміздегі бірнеше жылдардың нәтижесі СTEM оқыту технологиясы өз жемісін беріп барлық пәндердегі ізденіс жұмыстары күнделікті оқытудың бөлшегіне айналып отыр.
S – Science - наука – ғылым, T – Technology – технология – технологиялық, E – enginering – инженерия – инженерлік, M – mathematics – математика, яғни, жаратылыстану бағытында әлемдік оқыту технологиясын жүзеге асырған ұстаздар бұл күнде гуманитарлық бағыттарды да қамти бастады.
Соның нәтижесіне мектепішілік «Математика біздің өмірімізде» тақырыбында 6 сыныптар арасында 18 жоба қамтылған ғылыми-практикалық конференция өткізілсе, бүгін зерттеу жұмыстарын нақты ғылыми жобаға айналдырған шәкірттердің 25 жобасы, 5-7 сыныптар арасында келесі оқу жылына іріктеуден өтті.
Барлық жобаларды мектеп тренерлері мен тәжірибелі ұстаздардан құралған іріктеу комиссиясы мұқият тыңдап шықты. 9 жаратылыстану, 16 гуманитарлық бағыттағы жобаларды қорғаған оқушылар мен жетекшілеріне бағыт бағдар, іздену жолдарына әдістемелік көмек берілді.
Тарихшы мұғалім К.Бисембина жетекшілік ететін «Жас археологтар» тобының мүшелері Амантай Мунираның «Алтын орда дәуіріндегі ескерткіштер. Қышқала қаласының соңғы археологиялық қазбалары», Такен Жасұланның «Сақ тайпаларының негізгі орталығы Бәбіш мола қалашығының археологиялық зерттелуі және көне дүние қазыналары» жобалары тарихи ізденісі мен ғылыми деректер байланысы жағынан басымдықта болды.
Аханова Нұрсиланың «Жасөспірімдер киіміндегі ағылшын тіліндегі жазулар», «Мәшһүр Жүсіпті» қорғаған Орынбасар Дананың сөйлеу шеберлігінде шешендіктері байқалды.
«Интерьердегі математика» Жанкелді Наргиза және орыс тілінде қорғаған Көшербай Нұрсұлтан «Слова пустышки» тақырыптары да үлкен қызығушылықпен тыңдалды.
Практикалық бөлімі әлсіз жобаларға қалай, қай жақтардан мәліметтер жинақтаудың жолдары түсіндірілді.
Ең бастысы, оқушылар жаңалық ашу міндет емес, сол бағытта іздене алуды үйрену қажеттігін түсінді.
Мектепішілік оқушылар ғылыми қоғамы мүшелеріне мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасары Ләззат Алдажарқызы келесі оқу жылында тұңғиығы терең ғылыми әлемді бағындыруда сәттілік тіледі.