КОНКУРС
ХАТТАМА № 8
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
«Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясының отырысы
Х А Т Т А М А № 8
Қатысқаны: 6 19.09.2024 жыл
Шу қаласы
Күн тәртібіндегі мәселе:
1.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы «22» желтоқсандағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі бойынша қажеттілікке байланысты Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz,нобд желісінде конкурс жарияланды.
2.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (тұрақты) лауазымдық міндетіне үміткердің Б.М.Тоқанның, Ұ.Қуанышқызының, Ш.М.Утееваның және Г.У.Жалгасбаеваның өтініші негізінде комиссия мүшелерімен отырыс ұйымдастырылды.
1.Бірінші мәселе бойынша директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Л.К.Оспанкулова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі бойынша қажеттілікке байланысты Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz желісінде конкурс жарияланғанын айтты. Педагог статусына тестілеуден өткен анықтамасымен қоса №57 бұйрықтың 107 қосымшасына сәйкес төмендегі аталған құжаттарды ұсынды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы болды.
Осы ұсынылған құжаттарды басшылыққа ала отырып конкурсттық комиссия өткізілді.Конкурсттық комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды сараптай отырып, 11 қосымшадағы тиімділік көрсеткішінің максималды баллын есептегенде 16 балл болғандығын атап айтты.
2. Екінші мәселе бойынша директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Л.К.Оспанкулова сөйледі. Ол күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, хатшы Г.Н.Тойшыманға сөз кезегін берді. Өз сөзінде Г.Н.Тойшыман комиссия мүшелерімен таныстырды және кандидаттың еңбек өтілі бар, барлығының біліктілік санаты жоқ тек Г.У.Жалгасбаева бар, ЖОО енді бітірген және «педагог- тағылымдалушы» тестінен өткендігін айтты.
Шешімі:
1. Комиссия мүшелері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне (тұрақты) Г.У.Жалгасбаеваны осы лауазымдық міндетке лайық деп бірауыздан дауыс берді. Г.У.Жалгасбаеваның жинаған балы-11,5 .
Жарияланған бос орындарға өтініш білдіргендер және конкурстан жинаған ұпайларының есебінен аталған үміткерлер қабылдануға ұсынылды.
Комиссия мүшелері:
1. Оспанкулова Л. К. – комиссия төрайымы, директордың
әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
2. Сыздыкбекова Т.Ш. – комиссия мүшесі, орыс тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі
3.Нусипова Ү.Ж. – комиссия мүшесі, директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
4. Тулендиева Б.Ы. - «Бұлбұл» балабақшасының әдіскері
5. Ажибекова К.Б. – Қонаев атындағы орта мектебінің
директордың әдістемелік ісі жөніндегі
орынбасары
Тойшыман Г.Н. – хатшы
Комментариев нет
Просмотров: 52