Қазақстанда АЭС салу туралы референдум
Қазақстанда АЭС салу туралы алдағы референдумға байланысты 2024 жылғы 25 қыркүйекте «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Абай облысы филиалының төрағасы Г. Б. Оразбекова және облыстық кәсіподақ орталығының заңгері Е. Разбеков" Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Г. Б. Оразбекова "Қазақстан халқына Жолдауында "Президент Қ-Ж.К. Тоқаевтың атом электр станциясын салу республиканың энергетика саласын дамытудың перспективалы бағыттарының бірі екенін түсіндірді. Ол жалпы ҚР бойынша энергиямен жабдықтау проблемалары және электр генерациясының жаңа көздерінің қажеттілігі туралы айтты. Атом электр станция сының құрылысын мақұлдау кезінде жаңа жұмыс орындары құрылып, экономиканы одан әрідамыту жоспарлануда.
Кездесу соңында қатысушылар атом электр станциясының құрылысы және Абай облысы кәсіподағының жұмысы бойынша да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Комментариев нет
Просмотров: 11